О насМухаммад (с.а.в.)Контакты

Спорт

 
05 апреля 2012 г.
Аралас жекпе-жектен Қуат Хамитов шешен жігітіне есе жіберді

Алматыда жан алысып жан беріскен гладиаторлар аралас жекпе-жектен үшінші халықаралық турнирде бақтарын сынады. Аталмыш доданы ұйымдастырған “Алаш Прайд” кәсіпқой клубының мүшелері шеттен келген шеберлермен иық тірестіріп, өзара мықтыны анықтады. Мамандар болжағандай бұл дода біздің жігіттерге оңай соқпады.

Соңғы жылдары жекпе-жек түрлерін халық арасында кеңінен насихаттап жүрген “Алаш Прайд” кәсіпқой клубы алғашқы сайысқа ТМД елдерінің кіл мықты спортшыларын шақырыпты. Жарыс бағдарламасын рейтингтік кездесулер ашты. Ал халық көптен күткен кәсіпқойлар сайысын Қайрат Ахметов басатады. Грек-рим күресін жетік меңгерген Қайрат ресейлік Владислав Никиченкомен жұдырық түйістірді. Сәті келсе қарсыласын соққының астына алған жерлесіміз бұл жолы тек ұпай санымен алда болды.

Қайрат Ахметов, “Алаш Прайд” клубының мүшесі: 

- Мен осыған дейін барлық қарсыластарымды алғашқы таймда жеңіп келгем. Бұл жолы да солай болады деп ойладым. Бірақ қарсыласым жақсы дайындықпен келіпті. Бір жағынан мен ресейлікті мұндай қарсылық көрсетеді деп күтпедім.

Қайраттан соң 8 бұрыштың ішіне Асулан Тоқтаров көтерілді. Қашанда өзінің шапшаң қимылымен қарсыласын сан соқтыратын Асулан бұл жолы да білгенінен жаңылмады. Ресейлік Михаил Кулешті алғашқы таймның басында буындыру әдісімен жеңген “Арыстан” әлі толық бабына ене қоймапты.

Асулан Тоқтарбаев “Алаш Прайд” клубының мүшесі:

- Жаттығуды одан әрі жалғастыру керек. Кездесу үстінде ентігіп қалдым. Жеңіске жеткеніме әрине ризамын, бірақ әлі де көп енбектену қажет.

Одан әрі “Алаш Прайд” жігіттерінің жеңісті жолын Османжан Қасымов пен Ержан Естанов жалғастырды. Сондай-ақ, “Торнадо” лақап аты бар Аңсаған Құсайынов та өз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Ал халық асыға күткен жекпе жекте “Найман” Қуат Хамитов шешен жігіті Хунар Осмаевқа есе жіберді. Ия турнир алдында бұлай болады деп ешкім ойламаған. Алайда спортта барлық жағдай орын алуы мүмкін. “Найман” Хункардың аяқпен буындыру әдісіне түсіп қалды. Төреші бірден бәсекені тоқтатқанымен, жекпе-жек одан әрі жалғасқан-ды. Ақыры ұпай санымен Осмаевтың мерейі үстем болды. Бірақ Шешенстан құрамасының төрешілерге наразылығы да жоқ емес. 

Руслан Алгериев, Шешенстан құрамасынаң бас бапкері:

- Төреші кездесуді ортасынан тоқтатса, онда бірден жеңіс берілу қажет. Спортшының өміріне қауіп төнсе төреші жауап береді ғой. Мен бірден қазылар алқасына барып айттым, соңында ұпай санымен басымдық бізге берілді.

Енді “Алаш Прайд” кәсіпқой клубы сәуір айында тағы да білектілер жарысын өткізуді жоспарлап отыр.

http://kaz.gazeta.kz/art.asp?aid=123955  


Количество просмотров: Счетчик посещений Counter.CO.KZ - бесплатный счетчик на любой вкус!

Есть вопрос или комментарий?..


Ваше имя Электронная почта
Получать почтовые уведомления об ответах:

| Примечание. Сообщение появится на сайте после проверки модератором.


Вернуться в раздел Спорт

НТРК "Ингушетия"
Радио "Путь" им.А-Х. Кадырова:
Общение на сайте
Online
Поиск по сайту
О насОбщественное объединение "Чечено-Ингушское этнокультурное объединение "Вайнах"" Карагандинской области....
Открыть раздел О нас
Председатель областного чечено-ингушского этнокультурного объединения «Вайнах», член областной Ассамблеи народа Казахстана- Увайс ХаважИевич Джанаев...
Открыть раздел Контакты
О насОбщественное объединение "Чечено-Ингушское этнокультурное объединение "Вайнах"" Карагандинской области....
Открыть раздел О нас
КазахстанРеспублика Казахстан является унитарным государством с президентской формой правления, утверждающее себя светским, демократическим, правовым и социальным государством, высшими...
Открыть раздел Казахстан
ДепортацияРаздел приурочен к 31 Мая, Дню памяти жертв политических репрессий сыновей и дочерей вайнахского народа, судьба которых так или иначе связала с Казахстаном....
Открыть раздел Депортация